Правила конкурса «Хештег челлендж #ПробиотикБоулВключает» на платформе TikTok
ПАЙДАЛАНУШЫЛЫҚ КЕЛІСІМ ЖӘНЕ ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУ САЯСАТЫ
Жалпы ережелер
Осы Келісім Интернет желісінде орналастырылған, осы ақпараттық ресурсты және/немесе негізгі ресурстармен кез келген түрде байланысты өзге де ресурстарды құрайтын ақпараттық материалдарға (бұдан әрі - Сайт) қол жеткізу тәртібін белгілейді, Интернет желісі арқылы Сайтқа қол жеткізуді жүзеге асыратын тұлғалардың (бұдан әрі - Пайдаланушылар) құқықтары мен міндеттерін айқындайды.
Сайтты басқару құқығын толық көлемде іске асыратын Сайт иесі 040704, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Іле ауданы, Байсерке ауылы, Сұлтан Бейбарыс көшесі, 1 мекенжайында тіркелген «Danone Berkut» ЖШС болып табылады.
Сайт Иесі мен Сайт Пайдаланушылары арасындағы барлық қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен және осы Келісіммен реттеледі.
Сайт Иесі кез келген уақытта осы Келісімді өзгертуге құқылы. Пайдаланушы Келісімнің Қолданыстағы редакциясына енгізілетін өзгерістерді дербес және тұрақты негізде қадағалауға міндеттенеді.
Сайт Иесінің Құқықтары
Сайт иесі Сайтты пайдалануға барлық айрықша құқықтарға ие, өз қалауы бойынша кез келген уақытта сайттың мазмұнын өзгертеді, кез келген материалдарды жояды және қосады, Сайтқа кіруге рұқсат береді не осындай қолжетімділікті шектейді, Сайтқа қатысты өзіне тиесілі өзге құқықтарды жүзеге асырады.
Сайт иесі Сайтта компания, оның қызметі мен өнімдері туралы ақпаратты, сондай-ақ Сайт иесінің пікірі бойынша Сайт пайдаланушыларына пайдалы болуы мүмкін өзге де ақпаратты орналастыру мақсатында Сайтты әкімшілендіруді жүзеге асырады.
Сайт Пайдаланушылары
Интернет желісі арқылы Сайтқа қол жеткізуді жүзеге асыратын кез келген тұлға Сайт Пайдаланушысы деп танылады.
Сайт Пайдаланушысының құқықтары мен міндеттері Сайттың кез-келген материалына бірінші рет жүгінген сәттен бастап адамда пайда болады.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолжетімділігі шектеулі болуы тиіс материалдарды қоспағанда, Сайт Пайдаланушыларына Сайтта орналастырылған ақпараттық материалдарға еркін қолжетімділік беріледі. Сайтты Пайдаланушылар Сайттың ақпараттық мазмұнына, бағдарламалық және аппараттық қамтылымына зиян келтіруі мүмкін кез келген іс-әрекеттен аулақ болуға міндетті.
Сайтта орналастырылған ақпараттың құқықтық мәртебесі
Сайтта орналастырылған ақпараттық материалдарға (оның ішінде, бірақ санамаланғандармен шектелмей: суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, логотиптер, Сайттың жеке блоктарының және тұтастай Сайттың дизайны) авторлық құқықтар Сайт иесіне және олардың келісімімен материалдар Сайтта орналастырылған өзге құқық иеленушілерге тиесілі болады. Өзге тұлғалар Сайт иесінің және (немесе) өзге құқық иеленушілердің алдын ала рұқсатынсыз Сайтта орналастырылған материалдарды қандай да бір түрде пайдалануға, көрсетілген материалдарды толық немесе ішінара көшіруге, таратуға, түрін өзгертуге, қайта шығаруға құқылы емес. Сайтта орналастырылған ақпараттық материалдарға, оның ішінде суреттерге (фотосуреттерге) барлық құқықтар ұлттық және халықаралық құқықтық нормаларға сәйкес қорғалады. Интернет желісіндегі Сайттан кез келген ақпараттық материалдар мен бейнелерді (фотосуреттерді) пайдалану кезінде материалдардың көзі - Сайтты көрсету міндетті шарт болып табылады.
Сайт Пайдаланушылары ашық қолжетімділікте Сайтта орналасқан ақпараттық материалдармен еркін танысуға құқылы.
Сайт Иесі балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау бойынша әкімшілік, ұйымдастырушылық және техникалық шараларды қолданады.
Тараптардың жауапкершілігі
Сайт Иесі аппараттық және бағдарламалық қамтылымның техникалық іркілістеріне байланысты себептер бойынша Сайт Пайдаланушыларында туындаған залалдар үшін, сондай-ақ Сайт Пайдаланушыларының іс-әрекеттері нәтижесінде туындаған залалдар үшін жауапты болмайды. Сайт Иесі Сайт Пайдаланушыларының Сайтта орналастырылған кез келген ақпараттық материалдар мен ұсынымдарды пайдалануы нәтижесінде Сайт Пайдаланушыларында немесе үшінші тұлғаларда туындаған залалдар үшін қаржылық және құқықтық жауапкершілік көтермейді. Сайт материалын пайдалана отырып, сіз барлық қаржылық және құқықтық тәуекелдерді өзіңіз көтеретіндігімен келісесіз.
Сайт Пайдаланушысының осы Келісімнің шарттарын бұзуы Пайдаланушының Сайт Иесі қабылдайтын Сайтқа кіруден уақытша немесе толық бас тартуы үшін негіз болып табылады. Сайт пайдаланушысының Сайт иесінің авторлық құқықтарын бұзуы Сайт Пайдаланушысын заңда көзделген жауапкершілікке тарту үшін негіз болып табылады.
Ақпараттың құпиялылығы және қорғалуы
Сайтты Пайдаланушының дербес деректерін «Danone Berkut» ЖШС Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы N 94-V «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңына сәйкес өңдейді.
Дербес деректер келесі мақсаттарда өңделеді:
- сұрақтармен немесе түсініктемелермен жұмыс істеу кезінде өзара әрекеттесу, кері байланыс нысаны арқылы жіберілген сұрақтарға жауап алу;
- Сайттың сапасын және оның мазмұнын жақсарту үшін аналитикалық ақпаратты жинау - Сайтта Пайдаланушыны тіркеу/авторизациялау;
- Сайт Иесі өткізетін акциялардағы жеңімпазды анықтау;
-Пайдаланушыны акциялар, жеңілдіктер және арнайы ұсыныстар туралы электрондық және СМС-хабарламалар арқылы хабардар ету;
- жарнамалық материалдарды таргеттеу үшін cookies жинау;
- иесіздендірілген деректер негізінде статистикалық және өзге де зерттеулер жүргізу үшін деректер жинау.
Өтінішті Сайтта тіркеген кезде Сайт Пайдаланушысы келесі ақпаратты ұсынады: тегі, аты, әкесінің аты; ұялы телефон нөмірі; электрондық пошта мекенжайы; осы интернет-сайттың нысандарымен, сондай-ақ Сайтта орналастырылған кері байланыс нысанымен көзделген қосымша мәліметтер. Сайтта тіркелуді жүзеге асыра отырып, Пайдаланушы осы Келісімнің шарттарын және онда көрсетілген дербес деректерді өңдеу шарттарын қабылдайтынын растайды.
Өз дербес деректерін Сайт Иесіне ұсына отырып, Сайт Пайдаланушысы оларды өңдеуге, сондай-ақ Сайт Иесінің оның тапсырмасы бойынша дербес деректерді өңдеуді жүзеге асыратын немесе өзі және Пайдаланушы арасында жасалған шартты орындау үшін немесе ҚР заңнамасында тыйым салынбаған өзге де мақсаттар үшін тартылатын үшінші тұлғаларға беруіне келіседі.
Өз дербес деректерін Сайт Иесіне ұсына отырып (Сайтта өтінішті тіркеу жолымен немесе өзге заңды тәсілмен), Сайт Пайдаланушысы Сайт Иесінің осы абонентті бірегейлендіретін және хабарлама алу үшін оның ерік-жігерін сенімді түрде орнатуға мүмкіндік беретін іс-әрекеттерді жасау арқылы оның келісімімен пайдаланушының электрондық поштасына және ұялы телефонына ақпараттық, оның ішінде жарнамалық хабарламаларды жіберуге құқығы бар екендігімен келіседі. Пайдаланушы Сайтта көрсетілген электрондық пошта мекенжайына тиісті сұрау жіберу арқылы бас тарту себептерін түсіндірмей жарнамалық және басқа да ақпаратты алудан бас тартуға құқылы.
Пайдаланушы сайтта орналастырылған kz_media@danone.com электрондық пошта мекенжайына қарапайым жазбаша нысанда тиісті хабарлама жіберу арқылы дербес деректерді өңдеуге өзінің келісімін кері қайтарып алуға құқылы.
Сайт Иесі cookies технологиясын пайдалануға құқылы. Cookies құпия ақпаратты қамтымайды. Пайдаланушы cookies жинауға, талдауға және пайдалануға, оның ішінде статистиканы қалыптастыру және жарнамалық хабарламаларды оңтайландыру мақсатында үшінші тұлғалардың келісімін береді.
Сайт Иесі Сайтқа кірушінің ip-мекен-жайы туралы ақпарат алады. Бұл ақпарат келушінің жеке басын анықтау үшін пайдаланылмайды.
Сайт Пайдаланушысы өзі енгізген барлық дербес деректердің өзінікі және шынайы болып табылатынын растайды. Сайт Иесі Сайт Пайдаланушысы ұсынатын дербес деректердің дұрыстығын тексеруді жүзеге асыру құқығын өзіне қалдырады.
Келісімді қабылдау Сайтқа тіркелу және кіру үшін міндетті шарт болып табылады: Сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, Пайдаланушы осы Келісіммен өзінің келісімін білдіреді.
Сайт Иесі осы Келісімге өзгерістер енгізу құқығын өзіне қалдырады