Активиа — официальный сайт производителя йогуртов

Сұрақтар мен жауаптар

Активиа

1. Активиа кімге арналған?

Сүт өнімдері кез келген жастағы адамның күнделікті рационында толыққанды жануар ақуызының, сондай-ақ ауыстыруға келмейтін кальций мен фосфордың көзі болып табылады. Біздің пробиотикалық қышқыл сүт өнімдеріміз ересектерге, жүкті әйелдерге, жас аналарға және қарт адамдарға ұсынылады. Өнімдегі миллиардтаған тірі пробиотиктер ішек микробиоталарының саулығын сақтайды, соның нәтижесінде ағзаға тұтастай пайдалы әсер етеді.

2. АІЖ аурулары кезінде Активиа ішуге бола ма?

Біз жүргізген зерттеулер Активианың ауырлық, іштің кебуі, метеоризм, іштің ауыруы, баяу транзит сияқты ас қорыту ыңғайсыздығының көріністерін тиімді төмендететінін дәлелдеді. Біз рационға пробиотиктерге бай өнімдерді қосып, теңдестірілген тамақтану қағидаттарын ұстана отырып, ішек микрофлорасының жай-күйіне үнемі қамқорлық жасауға кеңес береміз. Бұл тәсілдеме, сізде мезгіл-мезгіл жұмсақ күйдегі функционалды ас қорыту бұзылысын жоюға көмектеседі. 
Алайда, егер бұзылыс өткір және созылмалы сипатқа ие болса, емдеу әдісін сауатты тағайындайтын және рационыңызды түзететін дәрігермен кеңесуді ұсынамыз. Өйткені, әрбір ағза бірегей.

3. Активиада қанша қант бар?

Рационда қосылған қантты шектеу бойынша ұсыныстар бар: ДДҰ-ға сәйкес, ол күнделікті жалпы жұғымдылықтың 10%-ынан аспауы керек. Біз осы ұсыныстарды қолдаймыз және құрамында пайдалы қоректік заттары бар өнімдерді таңдауға кеңес береміз. Сүт өнімдері осындай өнімдер санатына жатады.

Бұл сіздің қалауыңызға сәйкес келсе, сіз Активиа түржинағында қант қосылмаған өнімдерді оңай таба аласыз.  Біз классикалық табиғи йогурттың көптеген түрлерін әзірледік. Құрамында тек сүт, ұйытқы және пробиотиктер бар.

Сондай-ақ, жақында жаңа өнім пайда болды — табиғи жемістердің шырындары қосылған қантсыз йогурттар. Олардың түржинағын осы сайттағы «біздің өнімдер» бөлімінен таба аласыз.

КАМК, қосылған қант мөлшері, пробиотиктер және басқа да компоненттер туралы барлық деректерді сіз біздің өнімдеріміздің затбелгісінен немесе сайттан таба аласыз.

2022 Danone Ltd. Барлық құқықтар сақталған