Что такое ферментация?

Ферменттеу дегеніміз не?

Таңғы астағы йогурттан кешкі астағы кимчиге дейін - ферменттелген өнімдер бәрінің құлағында, өйткені олар сау ас қорытудың кепілі болып саналады. Сонымен бұл не: ашып кеткен тамақ па немесе ішек үшін пайдалы ас па? Біз ұғыа алуды шештік.


Ферменттеу - бұл бактериялар, ашытқылар және басқа да микроорганизмдер қантты ыдырататын процесс. Нәтижесінде әртүрлі қышқылдар, газдар немесе спирт алынады. Біздің жағдайда ферменттеу дегеніміз - бұл жаңа сауылған сүтті одан пайдалылығы кем емес ашытылған сүт өніміне айналдыру; бұл бактериялардың 5 түрінің арнайы қоспасын пайдалану арқылы орын алады. Міне бұл қалай шығады:

Сүтті дайындаймыз
Құрамында ақуыз мен лактоза - көптеген микроорганизмдердің сүйікті қоректік элементтері бар пастерленген сүт құйылған ыдысты аламыз.

Микроорганизмдерді қосамыз
Ферменттеу процесін іске қосу үшін сүтке екі ашыту дақылдарын қосамыз - Термофилді стрептококк және Болгар таяқшасы.

Қоспаны қыздырамыз
Сүтті 37 ° C дейін қыздырамыз. Бұл температурада бактериялар лактозаны - сүт қантын сүт қышқылына өңдейді.

Бактерияларды өсіреміз және текстураны өзгертеміз
Микроорганизмдер көбеюін жалғастырады, ал алынған сүт қышқылы қоспаның қышқылдығын біртіндеп азайтады. Осылайша, сүт консистенциясын өзгертеді және крем тәрізді болады.

Қорытамыз да, пайдасын аламыз
Керемет Activia дайын. Сіз бір жұтым ішесіз - және барлық пайдалы заттар ішекке барады да, оның микрофлорасын жақсартады.

2022 Danone Ltd. Барлық құқықтар сақталған