Появление на свет нашего любимого «Бифида»

Біздің сүйікті «Бифидтің» дүниеге келуі

1980-ші жылдар
Danone зерттеушілерінде әлемдегі тұнғыш функционалды йогурт жасау туралы революциялық идея туындайды.

Бифидобактериялар әкелетін пайдадан шабыт алған Danone ғалымдары оларды басқа штамдармен біріктіреді [1] - осылайша ішек денсаулығын сақтауға арналған өнім пайда болады. Ең жақсы штаммды іздеу жүздеген микробтарды байыпты зерттеуге айналады: олардың тек бір бөлігі ғана сынауықтарда сынақтан және микроскоппен тексеруден өтеді. Осылайша сүт ортасында тірі қалып, өсе алатын бактерияларды табады.

1985

Алақай!

Сіздердің назарларыңызға ең пайдалы микроорганизмдерді ұсынамыз.

Біз сүт ортасында тірі қалатын штамдардың қоспасын дайындаймыз. Біздің өнімдегі бифидобактериялар бүкіл ас қорыту жолдарынан өтіп тірі қалады және пайдалы ішек бактериялар жиынтығын толықтырады.

Аһ... қоспа йогурт жасалатын жағдайларға шыдамайтыны белгілі болды. Әдеттегі ашу температурасы 43 °C-тан тым жоғары, ал орта - табылған штаммның тірі қалуы үшін тым қышқыл. Ендеше, ашыған сүт өнімдерін өндірудің бүкіл процесін қайта қарау керек.

"Bifidus" өніміне мінсіз жағдай қамтамасыз ету үшін біз баяулау жұмыс істейтін және одан да төмен температурада өмір сүретін тірі йогурт бактерияларының арнайы қоспасын жасаймыз.

1987

Activia пайда болады

Баяу, сегіз сағаттық ферменттеудің арқасында жұмсақ 37 °C температурада біз жеңіл, крем тәрізді йогурт аламыз. Оның құрамына ішек денсаулығына қолдау көрсететін миллиардтаған тірі пробиотиктер кіреді.

2000

Activia үшін даңқ уақыты

Біздің бірегей штаммдар қоспасын бүкіл әлемге танымал Луи Пастер штаммдар банкіне енгізеді.

2021

Біз 30 жылдан астам уақыт бойы ішек денсаулығын ойлап, дәмді және пайдалы өнімдер жасаймыз және ас қорыту жүйесінің жағдайын жақсартамыз, өйткені бүкіл ағзаның денсаулығы дәл осыдан басталады.

2022 Danone Ltd. Барлық құқықтар сақталған